$ 498.34  519.72  4.85

Түркістан облысындағы ақылы жолда ыстықтың салдарынан бетон плиталар көтеріліп кеткен (видео)

Бұдан кейін жеңіл және жүк көліктері жолдың шетімен жүруге мәжбүр болған.

Қызылорда-Шымкент ақылы тас жолында бетон плиталар ыстыққа шыдамай көтеріліп кеткен. Оқиға 8 маусымда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көлік жүргізушілері Төрткөл ауысының маңында жолдың асфальт-бетон жабындысының көтеріліп кеткен байқаған. Бұдан кейін жеңіл және жүк көліктері жолдың шетімен жүруге мәжбүр болған. 

"Қазавтожолда" оқиғаның Самара-Шымкент республикалық жолының бір бөлігінде болғанын мәлімдеді. 8 маусымда аймақта ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілген. 

"17:00 шамасында ыстық ауа температурасы салдарынан цементбетон плиталар көтерілді. Қазір плиталар қалпына келтірілген. "ШымкентДорСтрой" мердігер компаниясы уақытша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Тас-құм қоспасы себіліп, асфальт-бетон жабындысы төселді. Жұмысқа 10 адам мен 5 арнайы технкиа жұмылдырылды", – деді компания өкілдері.

Сонымен қатар сәйкес жол белгілері орнатылған. Аймақта патруль полициялары жұмыс істейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары