09.06.2022, 14:40

Нұр-Сұлтанда лифт ішінде дәрет сындырған 22 жастағы қыз ұсталды

Фото: ашық дереккөз
Қоғамдық тәртіпті бұзған қыз 10 күнге қамауға алынды.

Нұр-Сұлтанда лифт ішіндегі бейне бақылау камерасына қыздың лифт ішінде дәрет сындырған сәті түсіп қалған. Тексеріс нәтижесінде астаналық полицейлер қызды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz басылымы. 

Оқиға Қабанбай батыр даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Анықталғандай, жігіт құрбысымен бірге  «Комфорт De Luxe»  кешеніне "испаниялық чизкейк" тапсырысын жеткізіп жүрген. Осы кезде қыз лифт ішінде дәрет сындырған. 

Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғаған. 

Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен қоғамдық тәртіпті бұзған қыз 10 күнге қамауға алынды.