$ 494.87  520.65  4.91

Жаңаөзенде «Өзенмұнайгаз» ғимаратының алдында екі ер адам өздеріне пышақ тығып алды

Азаматтар жедел жәрдем көмегіне жүгінген, өміріне қауіп жоқ.  Келгендердің бірі ауруханаға жатудан бас тартып, аурухана ғимаратынан шығып кеткен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жаңаөзенде екі ер адам «Өзенмұнайгаздан» жұмыс сұрап, қызметке орналаса алмағаннан кейін өздерін жарақаттаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 9 маусым күні сағат 15.00-де бір топ адам жалпы кезекті айналып өтіп, компанияға жұмысқа орналасуды талап етіп, "Өзенмұнайгаз" АҚ ғимаратының алдына жиналған.

"Жұмысқа орналаса алмаған екеуі - азамат С.К. және азамат С.Т. (бұрын сотталған) іштің алдыңғы қабырғасы мен білек аймағына пышақпен жарақаттар салып, екеуі де қалалық ауруханаға жатқызылды", - делінген ақпаратта.

Олар жедел жәрдем бөлмесінде қаралды, өміріне қауіп жоқ.  Келгендердің бірі ауруханаға жатудан бас тартып, аурухана ғимаратынан шығып кеткен.

Әкімдіктің мәліметінше, ер адамдар бұрын оқудан өтіп, 1 маусымда жеке компанияға 250 мың теңге жалақымен жұмысқа орналасқан.

"Оларға мұнай-газ саласына жұмысқа қабылдау алгоритмге сәйкес, жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылатыны бірнеше рет түсіндірілді. Алгоритмді бұзу, кезексіз жұмысқа орналастыру басқа жұмысқа орналасуға үміткерлерге әділетсіздікке әкеп соғады"- делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары