$ 494.87  520.65  4.91

Тағы бір бүлдіршін бұралқы иттің құрбаны болды

Аталмыш оқиғаның жай-жапсары әлі белгілі болған жоқ.

Ақтөбедегі Нұр Сити ауданында бұралқы ит баланы талап өлтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы журналист Ардақ Ерубаева өзінің инстаграм парақшасында хабарлады.

Журналист "Ақтөбеде Нұр сити ауданында қаңғыған ит аузынан бала өлді. Баланың денесі Нұр Ақтөбе ауданы 3 мкр ауданындағы 5 қабатты үйлердің маңынан табылған", деп жазба қалдырды.   

Аталмыш оқиғаның жай-жапсары әлі белгілі болған жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында бүлдіршінге алабай шабуыл жасап, баланың бетін, арқасы мен жамбасын талап тастағанын хабарлаған болатынбыз. 

Тағы да оқыңыз: Алматы облысында бүлдіршінге алабай шабуыл жасаған

Сондай-ақ Ақтөбе маңындағы қаңғыбас иттер тұрғындардың үй құстарын қырып тастағаны туралы ақпарат тарады. Жануарларға жауапкершілікпен қарау, қаңғыбас иттерді көшеде тырқыратып қуып жүріп атып тастауға Заңмен тиым салынғалы бері осындай оқиғалар жиілеп кетті. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары