$ 445.66  474.58  4.78

Ұлттар лигасы: Бүгін Қазақстан футболшылары Беларусь құрамасымен кездеседі

Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Қазақстан футболдан Ұлттар лигасы аясында кезекті ойынын өткізеді. Футболшыларымыз сырт алаңда Беларусь құрамасымен сайысқа түспек, деп жазады Vesti.kz.

С дивизионының үшінші тобындағы ойын Сербияның Нови-Сад қаласында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады. 

Мұның алдындағы ойындарда Қазақстан құрамасы Әзірбайжан (2:0) және Словакия (1:0) командаларынан басым түскен болатын, ал Беларусь өз кезегінде Словакиядан 0:1 есебімен ұтылып, Әзірбайжанмен тең түсті (0:0).

Айта кету керек, 13 маусымға Қазақстан - Словакия, Әзірбайжан - Беларусь ойындары белгіленген. Ұлттық құраманың Словакиямен ойыны «Астана Арена» стадионында жергілікті уақытпен сағат 20:00-де басталады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары