Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлыны қамау мерзімі тағы ұзартылды. Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі айтты.
"2022 жылдың 8 маусымында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Боранбаев Қайратқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты". Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотыСондай-ақ, сот Қайрат Сатыбалдыұлының қамауға алу мерзімін ұзарту туралы айтты.
"2022 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Сатыбалдыұлы Қайратқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты". Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотыСонымен қатар, Гүлмира Сатыбалды тағы бір ай қамауда отыр.
"2022 жылғы 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Сатыбалда Гүлмираға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты".