Самарқандта жаңа көпқабатты үйлер бой көтерген Қарасу тұрғын-үй кешенінде 1,5 жасар қыз 10-шы қабаттағы балконнан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Самарқанд облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, ашық қалған есіктен балконға шыққан қыз жақтау - металл шарбақтары арасынан төменге құлап кеткен, деп жазады "gazeta.uz" басылымы.
Оқиға орнына Самарқанд ІІБ тергеу бөлімінің және қала прокуратурасының басшылары келді. Дене жарақаттарының ауырлығын және қыздың неден қайтыс болу себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізу туралы шешім қабылданды. Бірақ баланың туыстары денені сараптамаға бермейтіндерін айтты.
Аталған факті бойынша тергеуге дейінгі тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп атап өтті облыстық ІІБ.
2019 жылдан бастап салынып жатқан Қарасу тұрғын-үй массивінде 12, 14, 15, 16 және 25 қабатты үйлер бар. Қайғылы оқиға орын алған үй - 15 қабатты.