$ 494.87  520.65  4.91

«АрселорМиттал Теміртеу» цехындағы апат: Аман қалған жұмысшының жағдайы белгілі болды

Қазіргі уақытта оның жағдайы орташа ауырға жақын деп бағаланып отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Дәрігерлер «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорынында болған төтенше жағдай кезінде аман қалған жұмысшының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Хабар-24. 

28 жастағы жұмысшы бастың маңдай бөлігінің терең жарасымен Теміртау қаласының орталық ауруханасына түсті. 

«Науқас ауруханаға түскен кезде шұғыл іс-шараларды жасау нәтижесінде шок жағдайынан шығарылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы орташа ауырға жақын деп бағаланып отыр, оң динамика байқалады. Науқас есін біледі. Гемодинамикасы тұрақты, қан қысымы – 110/80, импульсі – 82. Науқаста біріктірілген политжарақат бар. Емделуші емді толықтай алады», – деді Теміртау орталық ауруханасы директорының орынбасары Ульяна Базарова.

Оқиға жұмыс істемейтін пешті демонтаждау кезінде болған. Жұмысшылар жұмыс істемейтін пеште отқа төзімді кірпішті бөлшектеп жатқан уақытта арка құлаған. Үйінді астында төрт адам қалып, оқиға орнында көз жұмды. Қаза болғандар тізімі жария етілмеді.

Олардың барлығы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының еншілес кәсіпорны – «Құрылысмет» ЖШС қызметкерлері екені белгілі. Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия мүшелері анықтайды, қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, 10 маусымда «АрселорМиттал Теміртау» цехында апат болып, 4 адам қаза тапқан еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары