Жаңалықтар 12.06.2022 сағат 01:47

«АрселорМиттал Теміртау» қаза тапқан 4 қызметкердің отбасына көмек көрсетеді

Бесінші қызметкер Теміртау қаласының орталық қалалық ауруханасына жатқызылды, жағдайы бірқалыпты.
«АрселорМиттал Теміртау» қаза тапқан 4 қызметкердің отбасына көмек көрсетеді
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ цехында болған төтенше жағдай кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына көмек көрсетіледі, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

“10 маусым «Құрылысмет» ЖШС мастерпресс цехында жазатайым оқиға болып, салдарынан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ төрт қызметкері қаза тапты. Бесінші қызметкер Теміртау қаласының орталық қалалық ауруханасына жатқызылды, жағдайы бірқалыпты. Арнайы комиссия құрылды, іс тергеліп жатыр. Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес марқұмдардың отбасыларына бүкіл қажетті көмек көрсетіледі», - делінген компанияның ресми сайтында.

Кеше  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 4 қызметкері топырақтың астында қалып көз жұмды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар