$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық боксшы қарсыласын 34 рет нокаутқа жіберген экс-чемпионды жеңді

Бекман Сойлыбаев Ақтауда өткен бокс кешінде мексикалық тәжірибелі боксшы Томас Рохаспен жұдырықтасты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) Ақтауда өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды  Sports.kz. Ол мексикалық тәжірибелі боксшы Томас Рохаспен (52-20-1, 34 КО) жұдырықтасты.

Екінші жартылай орта салмақтағы бұл кездесу 10 раундқа есептелген болатын. Жеңісті төрешілер бірауыздан Бекман Сойлыбаевақа берді. Осылайша, Бекман Сойлыбаев өзінің кәсіби бокстағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Томас Рохас болса, 21-ші рет жеңіліс тапты. Айта кетейік, Рохас екінші ең жеңіл салмақта WBC чемпионы атанған.

Ақтауда өтіп жатқан бокс кешінің басты кездесуінде қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) пен аргентиналық Себастьян Папесчи (18-3, 6 КО) шығады. Нұрсұлтан жарысқа орта салмақтағы WBO International чемпиона атағын тігеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары