$ 494.87  520.65  4.91

Елдің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауады

Ал, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облысының батысында 12 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райын байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz. Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 12 маусымда Ақмола облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Нұр-Сұлтанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда күндіз 12 маусымда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталық бөлігінде найзағай ойнайды. 12 маусымда Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші секундына 15-20 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 12 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 12 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 12 маусымда таңертен және күндіз Алматы облысының шығысында және тау етегіндегі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с. Петропавлда 12 маусымда найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с. 12 масымда күндіз Түркістан облысының тауларында нөсер жауын жаууы ықтимал. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарынданайзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте 12 маусымда найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістанда 12 маусымда найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 12 маусымда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 метрге жетеді.

Қостанайда 12 маусымда найзағай ойнап, дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 12 маусымда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 12 маусымда, тәулік бойы 13 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарда нөсер жауын жауады. 12 маусымда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, 13 маусымда облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында, таулы аудандардарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады.

Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, 13 маусымда екпіні 23 м/с болады. Таразда 13 маусымда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары