Жаңалықтар 13.06.2022 сағат 16:20

Бүгін – Денис Теннің туған күні

Қазақстан халқының мақтанышы көзі тірі болғанда 29 жасқа толар еді.
Бүгін – Денис Теннің туған күні
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін – еліміздегі мәнерлеп сырғанау өнерінің жүйрігі, халықаралық деңгейдегі спорт шебері Денис Теннің туған күні.

Үздік мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 2009 жылы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, үздік он мәнерлеп сырғанаушының қатарына кірген ол, осылайша, Қазақстанға Ванкувер Олимпиадасына қос бірдей жолдама алып берді.

2010 жылғы Олимпиадада ең жас қатысушы болған Денис он бірінші орыннан көрінді.

2011 жылдың ақпанында Қазақстанда өткен VІІ қысқы Азия ойындарында алтыннан алқа тақты.

Канадада өткен әлем чемпионатында Денис Тен өзінің жеке рекордына – 266,48 балға қол жеткізді. Еркін бағдарламада үздік шығып, қорытындыда канадалық Патрик Чаннан небәрі 1,3 балға қалып, күміс жүлдені еншіледі.

Осылайша, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар арасында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Еске сала кетсек, Денис Тен 2018 жылы 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болды.

Егер ол тірі болғанда бүгін 29 жасқа толар еді...

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар