$ 449.58  486.94  4.86

Солтүстік Қазақстан облысында жаппай ауырған жылқылардың тұмауға шалдыққаны анықталды

Бақташылардың айтуынша, аталған індетті 300-ден астам жылқы жұқтырған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында ауырып қалған жылқыларға қатысты зертхана қорытындысы шықты. Ветеринарлардың сараптамасына сәйкес, жануарлар жылқы тұмауына шалдыққан, деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

"Заречный ауылдық округінде карантин режимі жарияланды. Жануарларды басқа жерге тасымалдауға тыйым салынған. Өзге аудандарда бұл індет байқалған жоқ. Қазір тұмаудың шығу себебі анықталып жатыр. Жануарлардың өлу дерегі тіркелмеген", - деді СҚО Ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.

Еске сала кетсек, өткен аптада Қызылжар өңірінің Есіл ауданында жылқылар арасында белгісіз дерт тарағанын хабарлаған едік. Бақташылардың айтуынша, аталған індетті 300-ден астам жылқы жұқтырған. Ал құзырлы органдар ауру белгілерін тек үшеуінде ғана байқаған. Бүгінде жергілікті билік өкілдері ветеринарлармен бірлесіп, жануарларға екпе жасап жатыр.

Сала мамандары ауру малды оқшаулап, індеттің басқа аумаққа таралмауын қадағалауда. Айта кету керек, ветеринарлар жылқы тұмауы адамға жұқпайды деді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жылқы #тұмау