Жаңалықтар 14.06.2022 сағат 09:40

Қарағанды облысында 21 жастағы жігіт Есіл өзеніне батып кетті

Бұл жер шомылуға арнап жабдықталмағанын айта кету керек.
Қарағанды облысында 21 жастағы жігіт Есіл өзеніне батып кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қарағанды облысында 21 жастағы жігіт суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Осакаров ауданында болған.

Осы ауданға қарасты Есіл ауылынан 1 шақырым жерде жергілікті тұрғындар Есіл өзеніне батып кеткен 2001 жылғы жігіттің денесін судан алып шыққан. Бұл жер шомылуға арнап жабдықталмағанын айта кету керек. Осыған орай төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымында қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін бірқатар ақыл-кеңес ұсынады.

«Рұқсат етілген жерлерде ғана шомылуға болады. Үрлемелі қайықпен жағадан алыс жүзіп кетпеңіз, оларда ақау болуы мүмкін, ал бұл тіпті жақсы жүзе білетіндер үшін де өте қауіпті. Өтіп бара жатқан кемелерге қарай жүзбеңіз, жалпы буйкадан аспаған дұрыс. Дауылды ауа райында немесе қатты жел соғып тұрған жерлерде шомылуға болмайды» деп ескертеді құтқарушылар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар