Соңғы 5 жылда Қазақстанда дәрігер тапшылығы 2 есе артқан, деп хабарлайды Atameken Business.
Дәл осы аралықта 5 мың медицина маманы Қазақстанды тастап, шетел асыпты. Көңіл көншітпейтін бұл статистика есеп комитетінің назарына іліккен. Мемлекеттік аудиторлар соңғы 3 жылда кадр тапшылығын жоюға бөлінген қаражаттың қайда кеткенін тексерді. Тексере келе шамамен 6 млрд теңгенің мақсатсыз жұмсалғанын анықтаған.