$ 494.87  520.65  4.91

«Етегінің астына жасырған»: Шымкентте қымбат тон ұрлағандар іздестірілуде

Ұры жалғыз емес. Оның қылмыстық бизнестегі құрбысы ұрыны барынша жауып тұр. Үшінші әйел сатушының назарын аударып, киінуге көмектесуін сұраған.

Шымкентте құны миллион теңгеге жуық тұратын италиялық тонды ұрлап кеткен, деп хабарлайды Otyrar порталы.

Сатушы ұрлық сәтін байқамағанымен, заттың жоғалғанын көріп, полицияға хабарласқан. Осы орайда бейнебақылау камералары полицияға ұрыны анықтауға көмектеседі.

Ондағы көрініс бойынша бейтаныс біреу тонды етегінің астына жасырып тығып, оны өте кәсіби түрде ұрлаған. Ұры жалғыз емес. Оның қылмыстық бизнестегі құрбысы ұрыны барынша жауып тұр. Үшінші әйел сатушының назарын аударып, киінуге көмектесуін сұраған.

Ұрлықшылардың жүздері анық көрінеді. Видео істі тергеп жатқан Шымкент полицейлерінің басты айғақтарына айналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары