$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Найзағай ойнап, дауыл, бұршақ жауады.

Синоптиктер 15 маусым күні еліміздің біраз аймағында дауыл болып, жаңбыр жауатынын хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, оңтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі, ал күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертен және күндіз 15 маусымда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде күші 15-20, облыстың солтүстігінде және шығысында екпіні 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында орталығында, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде батыста, солтүстікте, шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады.

15 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары