Түркістан облысындағы №2 перинаталдық орталықта салмағы 6 келі болатын қыз бала дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат.
Мамандардың сөзінше, бұл салмақ қалыпты жағдайдан екі есе үлкен екен. Дәрігерлер 30 жастағы келіншекті 13 маусымда кесір тілігі арқылы босандырып алған. Қазір ана мен балаға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Нәресте мен анасының жағдайы қалыпты. Алтыншы перзентін өмірге әкелген Нұрила Бөрікбаева қызының есімін Жұлдыз деп қойыпты.