$ 444.32  473.33  4.76

Ақтауда жаппай төбелес болды

Полиция департаменті мәліметінше, факт бойынша кезекші бөлімге қоңырау түспеген.

Ақтауда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды. Оқиғаның видеосы Желіде тарады, - деп хабарлайды "Лада".

Басылым мәліметінше, оқиға 14 маусымға қараған түні болған. Куәгерлер 26-шағынаудандағы аулалардың бірінде жаппай төбелес болғанын көрген. Оған жеті ер адам қатысқан.

Видео кадрларынан автотұрақ маңында бір топ ер адам тұрғаны көрінеді. Кейін олардың біреуі екіншісін күшпен итеріп жібереді де артынан төбелес басталып кетеді.

Полиция департаменті мәліметінше, факт бойынша кезекші бөлімге қоңырау түспеген. Полицейлер төбелеске қатысы бар барлық адамды анықтау шараларын қолдануға уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары