$ 444.32  473.33  4.76

Жаңаөзенде кәсіпорын өртеніп, жұмысшы тірідей жанып кетті

Үнімізді жеткізейік деп астанаға дейін бардық, оны тыңдаған үкімет жоқ. Соңы қазамен аяқталды.

Жаңаөзен қаласында «Кезби» ЖШС мұнай сервистік кәсіпорнында өрт шығып, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға бүгін, 15 маусымда болды. Әлеуметтік желіде жарияланған кәсіпорын қызметкерінің жазбасына сүйенсек, қайғылы жағдай еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы,техниканың әбден тозуы салдарынан болған. 

“Үнімізді жеткізейік деп астанаға дейін бардық, оны тыңдаған үкімет жоқ. Соңы қазамен аяқталды. Өкінішті… әріптесіміз еді...” деп жазды Нұрсұлтан Нұрымұлы есімді Facebook қолданушысы.

Желіде тараған видеодан жұмысшының денесін қызыл жалын жалмап бара жатқан сәтті көруге болады. Видео авторының айтуынша, ол кәсіпорында машинист қызметін атқарған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары