$ 498.34  519.72  4.85

Нұр-Сұлтанда бюджет қаражатын игермеген 15 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттың кезекті отырысында 2021 жылғы қалалық бюджеттің игерілу мәселесі көтерілді.

Елордада өткен жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын уақытылы игермеген мемлекеттік мекемелердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттың кезекті отырысында 2021 жылғы қалалық бюджеттің игерілу мәселесі көтерілді.

«Өткен жылы қалалық бюджетке 720 млрд 378 млн теңге қаржы түсті. Осылайша жоспар 43 млрд 156 млн теңгеге артығымен орындалды. Оның ішінде жеке табыс 496 млрд 264 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар 2021 жылы салықтан 455 млрд 273 млн теңге қаржы түсті. Бюджет шығысына келсек өткен жылдың қорытындысы бойынша 699 млрд 900 млн теңгені құрады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы қаржы басқармасының басшысы Әліби Жұмаев мәслихат отырысында жасаған баяндамасында.

Басқарма басшысы берген ақпаратқа сәйкес өткен жылы елорда бюджетін игеру көрсеткіші 97,2 пайызды құрайды.

«Бюджет қаржысын уақытылы игермеген органдарға келсек. Өткен жылы құрылыс басқармасы қаржының 53,8 пайызын игермеген, отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы - 38,4 пайыз, білім басқармасы - 1,5 пайыз, полициия департаменті - 1,4 пайыз, сол сияқты дене шынықтыру және спорт басқармасы - 1,2 пайызға қаржыны меңгермей отыр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты уақытылы игерілмегені үшін 15 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары