$ 494.87  520.65  4.91

Бір жыл бойы зорланған баланың анасы оқиғаның мән-жайын айтты

Оны айтсаң, өлтіремін деп қорқытқан.

Қызылордада 5 бала 8 жастағы ұлды 1 жыл бойы зорлап келген.

Қорланған баланың анасы Жанна Сәрсембаева «1001 түн» бағдарламасына тікелей байланысқа шығып, жантүршігерлік оқиға жайлы айтып берді.

– Бұл оқиғаны бала өз аузымен айтқан жоқ. Бала туған інісіне осындай жағдай істеп жатқанын көріп қалдым. Бұл оқиғаны інісі айтып берді. Үйде демалып жатқанымда үлкен ұлым інісін шақырып, жыныс мүшесі туралы айтқанын естіп қалдым. Екі балама ұрсып, мұны қайдан үйренгендерін сұрадым. 6 жастағы балам бүкіл мән-жайды іс-қимыл арқылы жеткізді. Көрші бала ағаға осындай істеп жүр дегенді айтты. Мен ести сала, көрші үйге бардым. Анасы мен баласы үйінде екен. Баласын шақырып менің балаларыма не үйретіп жүрсің деп сұрадым. Бала 10-15 минутқа жетпестей бес, алты мәрте істедім деді. Ұлымды сабақтан кейін тастанды ғимаратқа ойнауға шақырып жүрген. Оған доп тебеміз, телефоныммен ойнатамын деп алдаған. Сосын көрші тұратын 5 бала ұлымның артына, ауызына мүшелерін тығып зорлап келген. Оны айтсаң, өлтіремін деп қорқытқан, – деді жәбір көрген баланың анасы.

Полиция департаменті сұмдық оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

– Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді. ҚК-нің 140-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауында, – деп хабарлады полиция департаментіндегілер.

Тағы да оқыңыз: «Иесіз ғимаратқа апарып, ұятсыз іс жасауға мәжбүрледі»: Қызылордада бірінші сынып оқушысы бір жыл бойы зорланып келген

Дереккөз: orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары