$ 444.22  476.38  4.82

Тоқаев Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов 1992 жылы 62 жасында дүниеден өтті.

Президент Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын (марқұм)", деп жазылған Жарлықта

Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов 1992 жылы 62 жасында дүниеден өтті. Ел арасында "қазақ вальсінің королі" атанған композитордың шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді. "Менің Қазақстаным" әні еліміздің әнұранына айналды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары