Президент Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын (марқұм)", деп жазылған Жарлықта
Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов 1992 жылы 62 жасында дүниеден өтті. Ел арасында "қазақ вальсінің королі" атанған композитордың шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді. "Менің Қазақстаным" әні еліміздің әнұранына айналды.