$ 494.87  520.65  4.91

1 қыркүйектен бастап шәкіртақы өседі

Сонымен қатар, интерндер, магистранттар, докторанттардың да стипендиясы өспек.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР БҒМ Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына және мөлшерлеріне өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Даярлаудың педагогикалық бағыттарында және даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білім беру ұйымдарында оқитын студенттер - 36 660 теңге (қазіргі уақытта – 31 423 теңге);
Педагогикалық бағыттар бойынша оқитын студенттер - 58 800 теңге (қазір 50 400 теңге);
«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша оқитын студенттер - 58 800 теңге (қазір 50 400 теңге);
Интерндер - 61 660 теңге (қазір 59 289 теңге);
Магистранттар - 86 987 теңге (76 950 теңге);
«Назарбаев университетінде» оқитын магистранттар – 162 500 теңге (143 750 теңге);
Докторанттар - 195 000 теңге (172 500 теңге);
«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша докторанттар - 195 000 теңге – 172 500 теңге);
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 100 036 теңге (88 494 теңге);
ҚР Жоғарғы Соты Жанындағы Сот төрелігі академиясының мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген магистранттар - соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендия мөлшерінен төмен емес;
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттер – 21 787 теңге (өзгеріссіз) алатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары