Есіл өзенінде 12 жасар қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
«Кеше, сағат 19:39-да Аршалы ауданы, Жібек Жолы ауылының Silk Way демалыс аймағында қайғылы оқиға орын алды. 2010 жылы туған қыз ата-анасының қарауынсыз қалып, суға шомылуға жабдықталмаған жерде батып кетті. Шақырту орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді. Қыздың денесі сағат 20:58-де табылып, шығарылды»,– деп жазды ведомство.