Жаңалықтар 16.06.2022 сағат 10:00

Жетісу облысында екі көпірді су шайып кетті

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
Жетісу облысында екі көпірді су шайып кетті
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жетісу облысына қарасты Кербұлақ ауданы Шанханай ауылында жергілікті өзендердің бірінде су деңгейі көтеріліп, көпірді алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан салынып жатқан екі құбырлы көпірдің топырағы жартылай шайылып кеткен. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

"Оқиға салдарынан Шанханай ауылында 4 ауланы ішінара су басып жатыр. Оқиға орнында ТЖД-нің 7 қызметкері, 1 техника мен 1 мотопомпа жұмыс істеп жатыр. 

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тарапынан 20 адам жағдайды қалыпқа келтіруге қатысты", – деп хабарлады Кербұлақ ауданының әкімдігі.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар