$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда із-түзсіз кеткен 65 жастағы әйел бір айдан бері табылмай жатыр

Ер адамның сөзінше, анасы мамырдың 14-де сағат 10:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Көкшетауда жоғалған 65 жастағы әйелге іздеу жарияланды.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 мамырда Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 1957 жылғы анасы Таңшолпан Қойбағарқызы Хасенованы іздеп табуға көмек сұраған. Ер адамның сөзінше, анасы мамырдың 14-де сағат 10:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

«Жоғалған адамды іздеуге Көкшетау қалалық ПБ жеке құрамы, еріктілер тартылды. Олар теміржол вокзалы, автовокзал, сондай-ақ вокзал ауданындағы дәмханалар мен қонақ үйлер, қаланың медициналық мекемелерін сүзіп шықты», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, Таңшолпан Қойбағарқызының бойы - 160 см, дене бітімі шымыр, шашы қысқа, қоңыр түсті. Үстіне күңгірт көк түсті көйлек, қара туфли киген. Бетінің мұрын тұсында қалы бар. Оның орналасқан жері туралы қандайда бір ақпарат білетін адамдар 8(7162) 72-34-06, 8-707-879-12-98 телефон нөміріне немесе 102 арнайы желісіне хабарласа алады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары