Автогаз құю станциясындағы газ-ауа қоспасы тұтанып, өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz
Оқыс оқиға 16 маусым күні сағат 17:00 шамасында автогаз құю станциясындағы артық қысым клапанының іске қосылып, салдарынан өрт шықты.
"Өрт сағат 18-15-те ауыздықталды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. № 34 өрт сөндіру бекеті оқиға орнынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрттің шығу себебін анықтап жатыр", – делінген хабарламада.
Өртті сөндіру үшін Ақмола облысы ТЖД-нің 11 қызметкері мен екі техникасы және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-нің 10 қызметкері мен екі техника, Қосшы қаласының ЖАО өрт сөндіру бекетінің екі қызметкер мен бір техникасы жұмылдырылды.