$ 494.87  520.65  4.91

Айдос Сарым депутат мандатынан айрылуы мүмкін

Алғашқысы, саясаттанушыны «балабол» десе, Сәтпаев «саяси ұстанымын ауыстырудың шебері» деп жауап қайтарды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаевты «балабол», «пацан» деп айыптаған мәжіліс депутаты Айдос Сарымның мәселесі әдеп кеңесінде қаралып, депутат мандатынан айрылуы мүмкін.

Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов журналисттерге берген сұхбатында айтты.

— Өкінішке қарай, ол бейнежазбаны көрмедім. Бірақ қарап шығамын. Егер қажеттілік болып жатса, бұл мәселені әдеп кеңесінде көтеріп, қарауға болады, — деді Ерлан Қошанов.

Бұған дейін әлеуметтік желіде депутат Айдос Сарым мен саясаттанушы Досым Сәтпаев айтысып жатқанын жазғанбыз. Алғашқысы, саясаттанушыны «балабол» десе, Сәтпаев «саяси ұстанымын ауыстырудың шебері» деп жауап қайтарды.

Дереккөз: orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары