$ 447.4  477.55  4.76

Cу мұнайдан қымбат болатын заман келе жатыр

2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну 46 пайызға артады.

Мәжілісте су саласын дамыту мәселелері бойынша парламенттік тыңдау өткізіліп жатыр.

Жиынға үкімет мүшелері шақырылған. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов салаға байланысты баяндама жасап жатыр. Олардың алдында сөз сөйлеген мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов БҰҰ бағалауы бойынша әлемде әрбір бесінші тұрғын судың тапшылығын көріп отырғанын мәлім етті.

«Кезінде БҰҰ бас хатшысы болашақта су мұнайдан да қымбат болады деген сөзі бүгінгі күні шындыққа айналып отыр. Енді сарапшылардың пікіріне сәйкес жыл сайын адамзаттың су ресурсына қажеттілігі шамамен 1 пайызға артады. Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ұлттық қауіпісздігі су ресрустарымен толық қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты», - деді Қошанов.

Оның айтуына қарағанда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру және қорғау – мемлекеттің басым міндеті екенін бірнеше рет атап өткен. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, 2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну 46 пайызға артады. Ал су ресурстарының тапшылығы жылына 12 текше шақырымға жетуі мүмкін. Бұған әсер етуші факторлар жетерлік.

«Халық санының өсуі, экономикалық дамудағы ерекшеліктер мен басқа да себептер ықпал етіп отыр», - деді Е. Қошанов Мәжілістегі парламенттік тыңдау барысында.

Осы орайда ол  өнеркәсіп және тұрмыстық секторда су тұтыну жыл сайын артып келе жатқанын мәлім етті.

«Ауыл шаруашылығы суды ең көп тұтынатын сала болып отыр. Әрине, мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылданып жатыр. Бірақ су ресурстарының мәселесі әлі де өзекті. Солардың кейбіреуіне тоқталып өтсем. Біріншіден, Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында бес жылда қалалар мен ауылдарды 100 пайыз ауызсумен қамтамасыз ету міндетін жүктеді. Бірақ әлі 1 543 ауыл немесе 544 мың адам таза сумен қамтамасыз етілмеген. Демек, бұл бағыттағы жұмысты әлі де күшейту қажет. Кейбір облыстарда бұл бағытта тиісті жұмыстарды атқару керек», - деді Ерлан Қошанов.

Ulysmedia.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тапшылық #су