$ 449.58  486.94  4.86

RBK Bank-тің бұрынғы басшысы Жомарт Ертаев тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды

Түрмедегі RBK Bank-тің экс-басшысы Жомарт Ертаев тағы бір жаңа қылмыстық іс бойынша айыпталды.

Түрмедегі RBK Bank-тің экс-басшысы Жомарт Ертаев тағы бір жаңа қылмыстық іс бойынша айыпталды.

«Қылмыстық іс аясында тергеуші Жомарт Ертаевтың қатысуымен қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Ертаевтың мәртебесі «қорғауға құқығы бар куәгер» деп анықталған, соңғысына күдік келтірілмеген» деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қадағалау органы құқық қорғау органдарына жаңа өтініш Банк RBK өкілдерінен түскенін растады.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша жүргізілуде.

Еске салсақ, 2020 жылдың 16 қарашасында «RBK Bank » АҚ-на жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. Экс-банкир Жомарт Ертаев банктен 144 млрд теңге жымқырды деп айыпталды. Оның мүлкі тәркіленіп, өзі 11 жылға бас бостандығынан, 10 жыл мерзімге банк қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

2021 жылдың 14 мамырында Ертаев, Ибрагим және басқа да бірқатар айыпталушылардың жазасы жеңілдетілді, ал Ертаев пен Ибрагим темір тордың ар жағында қалды.

Дереккөз: orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары