$ 494.87  520.65  4.91

«Жас отбасылардың 61 пайызы ажырасып тынады» - Ұлттық комиссия

Сарапшылар пікірінше 20 жылдықтан кейін ажырасуға әсер етуші фактор болып “Бос ұя” кезеңі өтеді.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстандағы отбасылардың ажырасу көрсеткіші көбейіп кеткенін мәлімдеді.

Ведомство бұл туралы әлеуметтік парақшасында жариялаған. 

“Елімізде некеге тұру саны азайып, ажырасу фактілері көбейіп келеді. Бұл ақпарат Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген "Қазақ отбасы-2020" ұлттық баяндамасында жинақталған. Мамандар ерлі-зайыптылар үшін ең қиыны некенің бірінші он жылдығы екенін айтты. Бұл барлық ажырасулардың жалпы санынан 61,5%-ын құрайды. Некедегі алғашқы төрт жылы барлық ажырасулардың үштен бірін құрайды",- деді комиссия.

Жазбада ажырасудың 30%-ға жуығы некенің бесінші және оныншы жылдарында болатыны айтылған. 10 жылдық некеден кейін ажырасу ықтималдығы 20 жылдық кезеңге дейін күрт төмендейді. Есесіне 20 жылдық некеден кейін ажырасқан отбасылар саны қайтадан өседі. Сонда бұл ажырасудың жалпы үлесінің 13,7 %-ын құрайды.

“Сарапшылар пікірінше 20 жылдықтан кейін ажырасуға әсер етуші фактор болып “Бос ұя” кезеңі өтеді. Себебі балалары өсіп, үйінен кеткен соң жұптар бір-бірінің кемшілігін қайта көре бастайды. Сонымен қатар бұндай уақыттан кейін некенің бұзылуы жанама түрде өмір сүру деңгейіне байланысты да болып жатады”,- делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ажырасу