$ 443.35  475.54  4.82

«Тақтар ойыны» сериалының жалғасы түсіріледі

Ол - қазіргі АҚШ телевизиясындағы бюджеті қомақты және фэнтези жанрындағы ең қымбат жобалардың бірі.

HBO америкалық ақылы телевизия желісі "Тақтар ойыны" сериалының жалғасын түсірмек, деп хабарлайды The Hollywood Reporter. 

Басылым жазғандай, сериалдың жалғасы телехикаядағы басты кейіпкерлердің бірі Джон Сноу туралы болмақ. Себебі, хикая Джон Сноудың өзінің шын аты-жөнін біліп, жаңа өмір бастау үшін Вестеростан қуылған жерінен аяқталған еді.

Сериалда Джон Сноудың әпкелері Санса және Арья Старк сынды басқа да кейіпкерлер бола ма ол жағы белгісіз. Сонымен қатар басылым қазір HBO "Тақтар ойыны" сериалына қатысты жеті жоба әзірлеп жатқаны атап өтті.

Айта кетейік, "Тақтар ойыны" (ағылш. Game of Thrones) - Джордж Р.Р. Мартиннің "Мұз бен от әні" романдар топтамасына негізделген фэнтези жанрындағы америкалық телехикая.

Сериал жарыққа шыға салысымен жоғары сұранысқа ие болды. Ол - қазіргі АҚШ телевизиясындағы бюджеті қомақты және фэнтези жанрындағы ең қымбат жобалардың бірі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сериал