19.06.2022, 04:00

Атырау облысында найзағай салдарынан үй өртенді

Фото: ашық дереккөз
Атырау облысы Исатай ауданы Нарын ауылында қатты жауында найзағай ойнап, тұрғын үйдің шатыры жанып кетті.

Атырау облысы Исатай ауданы Нарын ауылында қатты жауында найзағай ойнап, тұрғын үйдің шатыры жанып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Оқиға 17 маусымда кешкі сағат 19:00-де болған. Ауданы 10×11 метр болатын үйдің шатыры өртенді. Өрт сағат 20:45-те сөндірілді.

"Өрттің себебі қатты жаңбыр кезіндегі найзағай салдарынан. Ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.