Жаңалықтар 19.06.2022 сағат 11:06

Жаңаөзенде бұралқы иттер қызды талап тастай жаздады

13 жастағы қыз көшеде келе жатқан. Сол кезде оны бұралқы иттер қоршап, талап кете жаздады. Куәгерлер жануарларды үркітіп, баланы құтқарып қалған.
Жаңаөзенде бұралқы иттер қызды талап тастай жаздады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жаңаөзен қаласында бұралқы иттер қызды талап тастай жаздады, деп хабарлайды "Актау-Лада" порталы.
13 жастағы қыз көшеде келе жатқан. Сол кезде оны бұралқы иттер қоршап, талап кете жаздады. Куәгерлер жануарларды үркітіп, баланы құтқарып қалған.
Айта кетері, жақында Ақтөбе қаласында жантүршігерлік оқиға болды. Бұралқы иттер 12 жастағы баланы талап тастады. Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы оқиғадан кейін марқұмның туған-туыстары бұралқы иттерді атуды талап етті. Ал жергілікті тұрғындар өз бетінше иттерді аулауға шықты.
Айта кетері, 2022 жылы 2 наурызда Қазақстанда "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң күшіне енген болатын. Оған сәйкес, емдеуге келмейтін және агрессивті иттерді ғана өлтіруге рұқсат беріледі. Ал қалған жануарларды стерилизацияға жіберу керек.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар