$ 449.58  486.94  4.86

Өзбекстанда той үстінде қалыңдығын ұрып жіберген азамат жазаға тартылмады

Сот таяқ жеген әйелдің шағымдары мен қарсы мәлімдемелері болмауына байланысты жаза қолданбаған.

Өзбекстанда той үстінде өз қалыңдығын ұрып жіберген күйеу жігіт туралы ұмыта қойған жоқ боларсыздар? Көпшіліктің сынына қалған азаматты сот жазасыз қалдырды, деп хабарлайды Газета.uz.

Әкімшілік іс "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша қаралған. Сот таяқ жеген әйелдің шағымдары мен қарсы мәлімдемелері болмауына байланысты жаза қолданбаған.

Ер адам кешірім сұрап, мұндай әрекетті қайталамайтынын айтып уәде берген.

"Өз өзімді ұстай алмай, қолыма ие бола алмай қалдым. Түсінбеушіліктен кейін де той жалғасты. Мен қалыңдығымнан кешірім сұрадым. Енді мұндай қайталанбайды", - деді күйеу жігіт.

Басылым Meaning yurtim арнасының телесюжетіне сілтеме жасап, жас жұптың бір жыл бұрын отау құрғанын жазады. Жас жұбайлар некеге тұруға 10 мамырда өтініш беріп, бірақ неке туралы куәлікті тек 15 маусымда - үйлену тойынан 9 күн өткен соң алған.

Көпшіліктің талқысына түскен видеода қалыңдықты сахнадан алып кеткен әйелдің анасы телеарнаға берген сұхбатында күйеуінің туыстарынан кешірім сұрағаннан кейін үйлену тойы жалғасқанын айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Өзбекстандағы үйлену тойының үстінде байқауда жеңіп кеткен әйелін ұрған ер адам туралы видео таралған еді. Бейнежазба тек Өзбекстанда ғана емес, әлемдік БАҚ-та үлкен резонанс тудырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары