$ 442.85  480.32  4.94

«Жаңа Қазақстан» жайлы бейнероликке 9,7 млн теңге жұмсалмақ

Лот сайтқа жарияланған, 22 маусымға дейін өтініш қабылдайды.

Солтүстік Қазақстан облысында "Жаңа Қазақстан" жайлы бейнероликке 9,7 млн теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік сатып алу порталында «Екінші Республика. Жаңа Қазақстан» атты жобаны іске асыру үшін бейнеролик және сюжет түсіруге арналған лот жарияланды.  Солтүстік Қазақстан облысының халық шығармашылығы орталығы ұзақтығы екі минуттан 60 минутқа дейінгі бейнероликке 9 млн 750 мың теңге ұсынбақ. Портал мәліметіне сүйенсек, видеолар ауыл өмірі, ұрпақтар сабақтастығы, «Солтүстік Қазақстан облысындағы өмірге конституциялық өзгерістердің әсері» туралы болады.

Лот сайтқа жарияланған, 22 маусымға дейін өтініш қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары