$ 494.87  520.65  4.91

«Әлсіреген шешен балаларына баспана берді»: Пономарев шешендерді аштықтан құтқарған қазақтар екенін айтты

Сондай-ақ, Шешенстанның тұңғыш президенті, генерал-майор Джохар Дудаевтың сұхбатында Қазақстан шешендердің екінші Отаны екенін көңілі босай отырып, шын жүректен айтқанын еске алды.

Белгілі қазақстандық журналист Сергей Пономарев қазақ халқының шешендерге көрсеткен көмегі туралы айтты.

– Рамзан Қадыров сенсациялық бейнежазбасында «Қазақстан егемендігін жоғалта жаздаған кезде Ресей құтқарды» деп ашық айтты. Егемендік туралы дауласқым келеді, бірақ мәні жоқ шығар. Мен не туралы айтқым келеді? Үшінші буындағы вайнахтардың есте сақтау қабілеті мұнша төмен деп күтпедім. 1944 жылы ақпанда 500 мыңға тарта адам Кеңес өкіметі басшылығының бұйрығымен Гитлердің жағына өтуге дайын ұлт ретінде Қазақстанға азық-түліксіз және жылы киімсіз жіберілді, – деп жазды Пономарев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Журналист адамдарға жиналуға мүмкіндік берілмегенін еске салып, қазақ халқының шешендерге қалай көмектескенін айтып берді.

– Адамдарға тіпті жиналуға мүмкіндік берілмеді. Лаврентий Берия мерекеге ұқсас «іс-шараларды» жақсы көрді. Аязды күні, 23 ақпанда басталған «Жасымық» операциясы 9 наурызда аяқталды. Мен депортация күні бірінші шешен соғысы қарсаңында Грозныйда болдым. Репортаждар жасадым, жергілікті тұрғындармен сөйлестім. Елге оралғандардың бәрі көз жасын сығып, қазақтарға ризашылығын айтты. Қазақтар шешендерді қыс кезінде аштан өлтірмей, жарты нанына дейін бөлісті. Әлсіреген шешен балаларына баспана берді, – деді журналист.

Сондай-ақ, Шешенстанның тұңғыш президенті, генерал-майор Джохар Дудаевтың сұхбатында Қазақстан шешендердің екінші Отаны екенін көңілі босай отырып, шын жүректен айтқанын еске алды.

– Отанымыз баспана беріп, тамақтандырып ұлтты сақтап қалды. Бұл жерде шешендердің қабірлері бар, Дудаевтың әкесі осында жерленген. Рамзан Ахматұлының есіне салыңыздар, мүмкін ол кем дегенде бір минутқа ұялатын шығар, – деп түйіндеді Пономарев.

Дереккөз: orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары