Бала осы уақытқа дейін комада жатқан. Өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылып, реанимацияда болған. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған еді, деп хабарлайды “Диапозон” басылымы.
31 мамырда 9 жасар бала қаланың ескі бөлігіндегі қаңырап бос тұрған элеваторға құлап кетеді. Облыстық балалар ауруханасына оны ес-түссіз, көптеген жарақаттармен және гипотермиямен алып келген. Бұдан бөлек, балада ауыр ми жарақаты, церебральды ісіну, қан кету, гематомалар және абразиялар болды.
Бала комада болып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған реанимацияда болған. Оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған.
Балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, баланың 18 маусымда 22 сағатта көз жұмғанын хабарлады. Баланың алған жарақаттары өте ауыр болған.
Тағы да оқыңыз: «Сүйегі сынып, денесіне суық өткен»: Ақтөбеде элеватор резервуарына құлаған баланың жағдайы ауыр