$ 494.87  520.65  4.91

Батыс Қазақстанда төрт жасар бала токка түсіп екі қолынан айырылды

Айта кету керек, аймақта электр тораптарының 83% әбден ескірген.

Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан ауылында 4 жасар баланы тоқ соғып, нәтижесінде бүлдіршін екі қолынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол электр станциясының аумағына кіріп кеткен. Бала облыстық ауруханаға жедел жеткізілген. Алайда жарақаты ауыр болғандықтан, дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды.

Зардап шеккен Аманжол Сисенғалиев отбасындағы 4 баланың кішісі. Мамандар жағдайы орташа ауыр деп бағалап отыр.

Қазіргі таңда еріктілер қор құрып, балаға протез алу үшін қаражат жинауға кірісті.

Айта кету керек, аймақта электр тораптарының 83% әбден ескірген. Тозған желілер жиі үзіліп, адамға да, малға да қауіп төндіріп отыр. Ал тұрғындар сала мамандары салғырт деп ашынады. Оқыс жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары