$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда қаңғыбас иттерді аулауға бөлінген қаржы жекенің қолында кеткен

Ал жыл басынан бері қаңғыбас иттер 112 тұрғынға шапса, олардың 70-і балалар.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Атырауда иттерді аулау үшін бөлінген бөлінген бюджет қаражаты жекенің қолында кеткен. Қалалық прокуратура қаржыны иемдену үшін жалған құжат жасаған онға жуық азамат туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, 2 жылда осы тектес 300-ден аса дерек тіркелген. Компаниялардың бірі есепте 17 мыңнан аса иттің ауланғанын көрсеткен, ал іс жүзінде ауланған иттер бұдан аз болып шыққан. Ал жыл басынан бері қаңғыбас иттер 112 тұрғынға шапса, олардың 70-і балалар. 

"Иттерді аулау үшін бюджеттен тұрақты түрде ақшша бөлінеді, алайда қаңғыбас иттердің саны өсіп келеді. Жалған құжаттар жасау арқылы қаржы иемдену деректері тіркелді. Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін қазіргі таңда мобильді топ құрылды, іс-шаралар жоспары жасалды", – деді Атырау қаласы прокуратура бөлімінің басшысы Ерлан Қаниев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары