Жаңалықтар 21.06.2022 сағат 10:20

Астана маңындағы қамыс өрті әлі ауыздықталмай жатыр

Үлкен Талдыкөл маңында басталған қамыс өртін сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды.
Астана маңындағы қамыс өрті әлі ауыздықталмай жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтанда Үлкен Талдыкөл маңында басталған қамыс өртін сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт кеше, 20 маусым түскі үштер шамасында басталды. Қорғалжын тас жолы бойында, Үлкен Талдыкөл көлінің ауданында қамыс өртенген.

"Қолжетімділігі қиын сулы-батпақты жерлердегі ашық аумақта шамамен 6,5 га жалпы алаңда қамыс өртенді. "Астана Орманы" МКК күшімен өрт периметрі бойынша жер жыртылды. Өрттің "Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне" таралу қаупі жоқ", - деді ведомстводағылар.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 122 адамы, 30 бірлік техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды.

Ал бүгін, 21 маусым сағат 08.09-да Нұр-Сұлтан аэродромынан "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы ұшып кетті.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар