Қаңтар оқиғасына қатысы бар деген бизнесмен Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы да ұзартылды.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі тергеу сотының 2022 жылғы 17 маусымдағы қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат депутатын күзетпен ұстау мерзімін 3 айға дейін ұзартуға қатысты санкция қанағаттандырылғанын хабарлады.
Айта кетейік, Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 21 сәуір күні «қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар» деген күдікпен ұсталған еді.