$ 445.66  474.58  4.78

Синоптиктер аптап ыстық келе жатқанын айтып дабыл қақты

25-27 маусым аралығында кей өңірлерде 45 градус ыстық болады.

«Қазгидромет» Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Ауа райы болжамына сәйкес, күндіз 23-24 маусымда Қарағанды облысының оңтүстігінде, 25 маусымда батысы мен оңтүстігінде күн 40 градусқа дейін ысиды.

24-25 маусымда Қызылорда облысының оңтүстігінде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі.

Түркістан облысының шөлді аудандарында да 25-27 маусым аралығында 45 градус ыстық болады.

Күндіз 25-27 маусым аралығында Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде 43 градус ыстық болады.

26-27 маусым күндері Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысында 40 градус ыстық.

22 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы