$ 444.22  476.38  4.82

Алматыдағы сауда орталықтарының біріне «бомба қойылды»

Бомба қойылғаны туралы ақпаратқа байланысты қоршауға алынып, адамдар эвакуацияланды

Алматыда "Moskva metropolitan" сауда орталығы “бомба қойылды” деген ақпаратқа байланысты қоршауға алынып, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Полиция түсіндіргендей, сейсенбі күні сағат 16:09-да сауда үйіне бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен.

"Мұндай жағдайлардың алгоритмі бойынша бірінші кезекте келушілер мен орталық қызметкерлері эвакуацияланды, жол полициясы бөлімшелері аталған нысанға іргелес жатқан жолдан көліктерді шығарды", - деп хабарлады полициядағылар.

Орталық әкімшілігі келтірілген қолайсыздықтар үшін келушілерден кешірім сұрады.

Қазір полиция департаменті жедел бақылау орталығының мәліметінше, тексеру жұмыстары аяқталды. Бомба қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты. Сауда орталығы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлады орталық әкімшілігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бомба