$ 494.87  520.65  4.91

«Чемпиондардан «қайыршы» жасауға тырысады»: Бибісара Асаубаева ҚШФ басшылығын айыптады

Бұл туралы Қазақстан құрамасының мүшесі, шахматшы және Найзағайлы шахматтан қазіргі әлем чемпионы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде жазды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Қазақстан құрамасының мүшесі, шахматшы және Найзағайлы шахматтан қазіргі әлем чемпионы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде жазды, деп мәлімдеді inbusiness.kz.

«Бүгін Аида Балаева ханыммен кездестім. Осы кездесуге арнайы уақыт бөлгені үшін Аида Ғалымқызына алғыс айтамын.

Біздің делегацияның құрамын ҚШФ Президенті Ғалым Құсайынов және оның орынбасары Дәрмен Сәдуақасов анықтады. Сол себепті болса керек, делегация құрамына ер азаматтар мен құраманың бас бапкері П.М.Коцур да кірмеді. Тек әйелдер құрамасы және Құсайынов пен Садуақасов енді.

Бізді таныстырған кезде ҚШФ жаңа президенті мені қандай да бір себептермен таныстырмады. Атым аталмады, өзімді сол жерде жоқ адамдай сезіндім. Еленбегенім мейлі, командадағы басқа қыздарға лайықты мінездеме беріп, мақтай келе мені тұқыртқысы келді.

Аида Ғалымқызымен бұрыннан таныс едім және менің өкпе-ренішімнің сізге қатысы жоқ. Керісінше, Сіз бұл азаматтарға әйел адаммен өзін сыпайы, интелегентті түрде әрекет ету керек екенін еске салғаныңыз үшін ризамын.

Бүгін ең соңғы минутқа дейін бізді Олимпиада ойындары үшін министрмен кездесуге алып келе жатқанына сенімді болдым. Сөйтсем Дәрмен Сәдуақасов пен оның басшысы Қазақстандық шахмат федерациясының бюрократтары үшін 3 миллиард теңге сұрауға алып келген екен.

Осы ұятсыз спектакльдің қатысушысы болғаным үшін ұялып тұрмын. Бүгін басты дайындық болды. ҚШФ басшылығы ертең ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездесуге премьералық көрсетілімді дайындап жатыр.

Мен үшін бұл-өте ұят жағдай. Мен – спортшымын. Спортшы болып қалғым келеді. Мен чемпиондардан  «қайыршы» жасауға тырысатын адамдардың әркетінен ұялдым. Федерация Президенті мен вице-президентін мойындаудан бас тартамын. Қазақстан құрамасының мүшесі, шахматшы және Найзағайлы шахматтан қазіргі әлем чемпионы ретінде федерацияға 3 миллиард теңге қажет емес деп мәлімдеймін», – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары