$ 442.05  474.14  4.74

Ресейде мұнай өңдеу зауытына әуеден соққы жасалды

Сондай-ақ, мұнай өңдеу зауытындағы өрт аумағы 50 шаршы метр болғаны, өрттің таралу қаупі жоқ екені айтылған.

Украина шекарасына жақын Новошахтинск қаласындағы ресейлік мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан зауытқа белгісіз ұшқышсыз басқарылатын ұшақ қалай соғылғанын көруге болады.

"Сағат 9:25-те Красносулин ауданында орналасқан Новошахтинск мұнай өнімдері зауытының АВТ-1 (жылу алмастырғыш) қондырғысында, ФАД А-270, 882-шақырымда өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген облыс бойынша ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, мұнай өңдеу зауытындағы өрт аумағы 50 шаршы метр болғаны, өрттің таралу қаупі жоқ екені айтылған.

"Новошахтинский мұнай өнімдері зауыты" - Ростов облысында жұмыс істеп тұрған жалғыз мұнай өңдеу зауыты. Зауыт мазут, пеш, кемеге отын және дизель отынын, бензин өндіруге мамандандырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ресей #мұнай