Ауғанстанның шығыс бөлігіндегі жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 920-дан асты. Шамамен 600 адам түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Tolo News дерегіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Ауғанстанның шығысындағы Хост және Пактика провинцияларындағы жер сілкінісінен 255 адамның ажал құшқаны хабарланған болатын. Еуро-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулері Пәкістан мен Үндістанға да жеткен.
Қазір мамандар құтқару-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.