$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында өзен жағасынан әйелдің бөлшектенген денесі табылды (видео)

Расталмаған ақпаратқа сәйкес, ер адам бірге тұратын әйелді өлтіріп, қылмысын жасыру үшін денесін бөлшектеген.

21 маусымда Ақмола облысы Жабай өзеніндегі бөгеттен адам денесінің бөліктері табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазір полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бір тәуліктен кейін күдікті қолға түсті. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары